Ақпарлама
Консультативтік пункттің қазан айындағы жоспары бойынша 13.10.2026 күні бөбекжайымыздың ата-аналарына «Үй жағдайында баламен тиімді қарым- қатынас жасау» тақырыбында психологиялық кеңес берілді. Кеңеске 5 ата ана қатысты.
Бөбекжай психологы Еділханова Жаңагүл ата аналарға мынадай кеңестер берді: 1. Балаңызды мұқият тыңдаңыз. Бала сөйлегенде телефонды қойып, көзіне қарап тыңдаңыз, оның сөзін бөлмей, ойын толық жеткізуіне мүмкіндік беріңіз. 2. Баланың сезімін түсініңіз. 3. Күн сайын бірге уақыт өткізіңіз. Күніне 10-15 минут болса да телефонсыз бірге ойнап, сурет салып немесе кітап оқыңыз. 4. Жақсы әдеттерін мадақтаңыз. 5. Айқайламай, сабырмен түсіндіріңіз, айқайлау баланы қорқытып, мәселені түсінуіне кедергі келтіруі мүмкін. 6. Балаға сүйіспеншілігіңізді білдіріңіз. Жылы сөз, құшақтау және қолдау баланың өзін бағалауына көмектеседі. 7. Баланың таңдау жасауына мүмкіндік беріңіз. Жасына сай қарапайым шешімдерді өзі қабылдасын. 8. Баланы басқа балалармен салыстырмаңыз. Әр баланың мінезі, қабылеті және даму қарқыны әртүрлі, баланы өзініің бұрынғы жетістіктерімен салыстырып, алға ұмтылуына қолдау көрсетіңіз. 9. Ашық сұрақтар қойыңыз. «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтардан гөрі баланы ойлануға шақыратын сұрақтарды таңдаңыз. 10. Балаға үлгі болыңыз. Ата-аналарға қызықты ойын тренингтер өткізіліп, сұрақтарына жауап берілді.







